Басты бет Қоғам Авто ЕАЭO көліктерін тіркеу қашан басталатыны айтылды

ЕАЭO көліктерін тіркеу қашан басталатыны айтылды

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ЕАЭО елдерінен кіргізілген автокөліктерді қашаннан бастап тіркетуге болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

– Халық тіркеу тәртібін дұрыс түсінбей қалмауы үшін және ХҚКО-ларда түсінбеушіліктер орын алмау үшін біз дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Азаматтар өз автокөліктерін заңдастыра алуы үшін үлкен мерзім беріледі. Тіркеу шамамен ақпан айында басталып, кедендік және тіркеу төлемдері үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін мерзім беріледі, – деді Түсіпов.

Оның сөзінше, министрлік азаматтарға сатып алған автокөліктерін заңдастыру үшін барлық құжаттарын дайындауға қажетті уақыт беруді шешті.

Дәл қазір тіркеу науқаны әлі басталған жоқ, өйткені заңдарыстыруға құжаттар ұсыну тетігі әлі дайын емес.

– Соңғы екі-үш жыл бойы біз жыл сайын ЕАЭО елдерінен жеткізілген 40 мыңға жуық көлік құралын тіркеп келеміз, олар еш қиындықсыз тіркеуге алынуда. Төленетін сомалары салық заңдарында нақты көрсетілген, ол бәріне бірдей. Мемлекеттік тіркеу нөмірі мен тіркеу куәлігі үшін шамамен 10 мың теңге кетеді және алғашқы тіркеу үшін көліктің шыққан жылына байланысты 600 мың теңгеден бастап миллион теңгеден сәл асатын сомаға дейін төлеу қажет, – деп түсіндірді ол.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...