Басты бет Қоғам «Эйр Астана» жолжүк тасымалдау қағидаларын өзгертті

«Эйр Астана» жолжүк тасымалдау қағидаларын өзгертті

2019 жылдың  21 тамызынан бастап саяхаттау кезеңіне 2019 жылдың 7 тамызынан бастап билет сатып алған кезде «Эйр Астана» әуекомпаниясының барлық рейстерінде жаңа жолжүк саясаты қолданылатын болады, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Жолжүк тасымалдаудың тегін нормалары барлық бағыттар бойынша таразылық жүйеден даналық жүйеге өзгертіледі.

Жолжүктің тегін нормасын алып жүру Piece concept халықаралық жүйесі бойынша жолжүктің  алатын орны санынан есептелетін болады). Бұрын Weight concept жүйесі бойынша алып жүретін жолжүктің салмағын есептеу қолданылды). Бұл тәжірибе Қазақстанға/Қазақстаннан ұшатын рейстерді орындайтын халықаралық тасымалдаушылармен кеңінен қолданылады. Piece concept қолданатын компаниялар арасында — Lufthansa, Asiana, Southern China Airways, S7, Aeroflot және басқалар бар.

«Таңдалған тарифтік топқа байланысты 2019 жылдың 7 тамызынан бастап жолаушылар өздерімен бірге бір немесе екі сөмке ала алады. Бір сөмкенің жоғары салмағы эконом-класта 23 кг және бизнес-класта 32 кг құрайды. Қосымша жолжүкке ұшуға дейін кем дегенде  24 сағат қалғанда төлеген кезде 30% жеңілдік қарастырылады», — делінген компания баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Халықаралық бағыттардағы жаңа тариф кестесі барынша демократиялық болып табылады, себебі  жолаушыға өзінің қажеттілігіне байланысты тарифті өз бетінше таңдауына мүмкіндік береді. Мысалға, тек қана қол жүгімен халықаралық саяхаттар жасайтын жолаушылар жолжүк  үшін артық ақы төлемей, билетті арзанырақ сатып алады немесе килограмм бойынша салмақ ауырлығын төлемей, жолжүк  үшін қосымша орын сатып алады. 9 кг дейінгі артық жолжүк  үшін (бір сөмкенің жалпы салмағы 32 килограммнан аспайды) нормативтен жоғары жолжүктің бірыңғай тарифі қолданылатын болады.

Жаңа қағидалар қол жүгіне қарастырылмаған. Тегін қол жүгінің салмағы бұрынғысынша  8 кг  болып  қалады.  Бұл  ретте, эконом-класс  жолаушылары  бір  сөмке, ал бизнес-класс жолаушылары екі сөмке алып жүре алады. Қол жүгінен басқа ұшақ салонында жеке қолдану заттарын алып жүруге болады: қолшатыр, гүлдер және т.б.

2019 жылдың 7 тамызына дейін сатып алынған билеттер бойынша жолжүкті алып жүру нормасы үзінді-көшірмеде көрсетілген көлемде қалады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...