Басты бет Оқиға Қылмыс Екі қу келіншек ломбардтарға алтын деп "бижутерия" өткізіп, 7 миллион теңгеге кеңелген

Екі қу келіншек ломбардтарға алтын деп «бижутерия» өткізіп, 7 миллион теңгеге кеңелген

Талдықорған соты талай ломбардты тақырға отырғызған екі алаяқ әйелдің ісін қарастыруда, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл істі облыстық полиция департаментінің тергеушілері тергеп, оны жақында Талдықорған қалалық сотына жіберген. Сотта Талдықорғанның екі тұрғынының алаяқтық ісі қаралды, зардап шегушілер – қаладағы бес ломбардтың иелері.

— 1982 жылғы екі айыпкер де Талдықорған қаласының тұрғындары, олар 40-тан астам алаяқтық іске қатысы бар деп айыпталады. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 7 миллион теңгеден асты. Бұл істің барлығы ломбардтармен тығыз байланысты, қулыққа барған келіншектер ломбардқа алтын деп күміс зергерлік бұйымдарды өткізген, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Екі жылдан бері кәсіпкер әйелдер Алматыда жасанды әрі арзан зергерлік бұйымдарды сатып алған. Негізінен, алқаларды. Олар алқаның бекітілетін жеріне алтын екенін нақтылайтын белгісі бар шын алтын ілгекті қадаған. Бірақ алқаның өзі алтын болмаған. Оны ломбардқа басқа алтын бұйымдармен білдірмей, бірге араластырып өткізіп отырған.

— Ломбардтағы мамандар алқаның өзін тексермеген. Ілгектегі белгі мен ілгектің өзінің алтын болуы онша күдік туғызбаған. Мұның барлығы тек ломбардтың иесі ұйымдастырған жан-жақты тексеруден кейін анықталған, — деді Алматы облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Болат Идиалов.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...