Басты бет Қоғам Екібастұз қ. электр станцияларында COVID-19 анықталды

Екібастұз қ. электр станцияларында COVID-19 анықталды

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикасы компаниясының Екібастұз қаласындағы үш қызметкерінің коронавирус инфекциясымен (КВИ) ауырғаны анықталды, деп хабарлайды MediaWorld.kz «Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаладағы «Богатырь Көмір» ЖШС, «Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның өндірістік бөлімшелеріндегі қызметкерлерге COVID-19 инфекциясын жұқтырған деген диагноз қойылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС жұмыскері ЖРВИ (ОРВИ) диагнозымен ауырып уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыста болмаған, кейіннен ол қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды.

ЭГРЭС-1  жұмыскері өткен демалыста температурасы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген кейін қаладағы орталық ауруханаға келген. Бұл жұмыскердің 2020.04.21 бастап Екібастұз қаласының КВИ науқасы расталған тұрғынымен тығыз қатынаста болуы себепті карантинге жатқызылған.

ЭГРЭС-2  жұмыскері ауысымнан кейін өзін әлсіз сезініп, жедел жәрдем шақырған, сол жерде дәрігерлер оның КВИ жұқтырған туысқанымен байланыста болғанын анықтапты.

Қазіргі уақытта инфекция жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы анықталды, КВИ науқасы расталған барлық кәсіпорындар Екібастұз қаласының СЭС мекемесімен және қалалық ауруханамен бірігіп жұмыс жасауда, жұмыс орындарына және жұмыскерлерді тасымалдайтын автобустардың барлығына жедел санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Компаниялардағы жедел әрекет ету штабы КВИ науқасының алдын алу және таралмауы үшін барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты барлық Екібастұз энергия кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде және электр энергиясын жеткізу мен көмір тиеу-тасу жұмыстарына қатысты өз міндеттемелерін толық көлемде орындауда. Мәселен, 2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша ЭГРЭС-1 кәсіпорнында 6,3 млрд кВтс электр энергиясы өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 136% көрсеткішті, ал «Богатырь Көмір» ЖШС қорынан 15,2 млн тонна көмір жөнелтіліп, өткен жылғы осы кезеңіне қарағанда 102% нәтижені көрсетіп отыр, — делінген компания таратқан хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...