Басты бет Қоғам Екібастұз МАЭС-2 Қазақстанның бақылауына өтті

Екібастұз МАЭС-2 Қазақстанның бақылауына өтті

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ресейлік «Интер РАО» энергетикалық компаниясынан «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ның 50% акциясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады. Осылайша, маңызды электрэнергия активі Қазақстан Республикасының бақылауына толығымен өтті, деп хабарлайды MediaWorld.kz компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап.  

Айта кеткен жөн, «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Интер РАО» ЖАҚ акциялары тең негізінде иелік еткен Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны 2005 жылы құрылды. Қазақстан тарапы үшін қоғам қызметінің басым бағыты станцияны кеңейту және қайта құру шеңберінде 636 МВт болатын үшінші энергоблокты орнату болып табылады. Бұл жобаны іске асыру Қазақстанның электр энергиясы мен электр қуатына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, оның экспорттық әлеуетін арттруға ықпал етер еді.

2009 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы келісім шеңберінде «Екібастұз МАЭС-2» АҚ «Екібастұз МАСЭС-2 №3 энергоблогының құрылысы» жобасын іске асыруға кірісті. 2010 жылы тиісті жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Осының негізінде «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ның 50% үлесті сатып алу туралы шешім қабылданды.

Станция толық бақылау және 3-ші энергоблокты сату жөніндегі жобаны іске асыру еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға ықпал ететін болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа өндіруші қуатты енгізу қажеттілігі бар. Ұлттық экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін электр энергетикасы саласының озық дамуына ықпал ету керек.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...