Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды MediaWorld.kz.
«Су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Бұл салада өзінің білімі мен тәжірибесін, кәсібіне деген құрметті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан отбасылық еңбек әулеті көптеп табылады. Сала ардагерлері мен мамандарға адал еңбектері үшін ризашылық білдіргім келеді», — деп жазды М. Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
«Мемлекет су шаруашылығын дамытуға баса назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, маңызды міндеттер іске асырылуда.
Барша сала қызметкерлеріне зор денсаулық, шаңырақтарына береке, жұмыстарына табыс тілеймін! Қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырамын!», — деді министр.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын – Түркістан әкімі
- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі (видео)
- 42 500 теңге алғандарға кредит берілмей ме – қаржы министрлігі жауап берді
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз