Ел банктеріне қолма-қол Ресей рублін елден шығаруға рұқсат беріледі

Фото көрнекілік үшін pixabay.com сайтынан алынды

Екінші деңгейдегі Қазақстан банктеріне елден қолма-қол ресей рублін шығаруға рұқсат берілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін», – делінген премьер-министр Әлихан Смайылов қаулысының жобасында.

Ұлттық банктің түсіндіруінше, қолма-қол ақшаны әкету оларды қолма-қол ақшасыз нысанға айырбастау және шетелдік банктердегі өздерінің корреспонденттік шоттарын толықтыру үшін қажет.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатыны айтылған.

Жоба «Ашық НҚА» сайтында 5 маусымға дейін талқыланады.