Елдің бірқатар облысында үсік жүреді

Фото: unsplash.com

Қазгидромет 13 қыркүйекке арналаған ауа райына болжам жасады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігі, солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстік-шығысы әлі де циклондық атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Соның әсерінен солтүстік-батыста, батыста найзағаймен жаңбыр жауады, түнде солтүстікте, шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік — шығыста жауын-шашын болады.

Республика бойынша желдің күші 15-23 м/с, күндіз батыста шаңды дауыл күтіледі. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында – түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Түнде Қостанай, Ақтөбе солтүстігінде, Солтүстік Қазақстанның солтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.