Елімізде 2024 жылға дейін қандай жолдар ақылы болып кетеді — толық тізім

Фото pixabay.com сайтынан алынды

2024 жылдың соңына қарай Қазақстандағы 30-ға жуық жол магистральдары ақылы болады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақша төлеуге тура келетін жол учаскелерінің толық тізімін ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, жолдарды ақылы ету кезең-кезеңмен 2024 жылға дейін жоспарланған.

2021 жылы келесі автожоладарды ақылы ету жоспарланған:

  • Орал — РФ шекарасымен шектесетін жол (Саратов),
  • Қапшағай — Талдықорған,
  • Тараз — Қайнар,
  • Қызылорда — Шымкент — Тараз,
  • Шымкент — Өзбекстан шекарасымен шектесетін жол,
  • РФ шекарасымен шектесетін жол (Орынбор) — Ақтөбе-Қызылорда,
  • Ақтөбе — Орал — РФ шекарасымен шектесетін жол (Самара),
  • Павлодар — РФ шекарасымен шектесетін жол (Омбы),
  • Нұр-Сұлтан — Қостанай — РФ шекарасымен шектесетін жол (Троицк),
  • Ақтау — Бейнеу,
  • Атырау — Доссор — Бейнеу — Ақжігіт — Өзбекстан шекарасымен шектесетін жол,
  • Нұр — Сұлтан — Павлодар,
  • Павлодар — Семей — Қалбатау.

2022 жылы келесі учаскелер ақылы болады:

  • Петропавл — РФ шекарасымен шектесетін жол (Курган),
  • Теміртау — Қарағанды, Қарағанды облысы,
  • Щучинск — Зеренді,
  • Таскескен — Бақты,
  • Жетібай — Жаңаөзен.

2023 жылы келесі учаскелер ақылы болады:

  • Күрті — Бурылбайтал,
  • Үшарал — Достық,
  • Қарабұтақ — Рудный — Қостанай,
  • Ұзынағаш — Отар.

2024 жылы келесі учаскелер ақылы болады:

  • Қарағанды ​​- Балқаш,
  • Балқаш — Бурылбайтал,
  • Күрті — Қапшағай,
  • Талдықорған — Өскемен,
  • Қалбатау — Майқапшағай,
  • Мерке — Бурылбайтал,
  • Атырау — Орал,
  • Ақтөбе — Қандыағаш — Мақат — Доссор,
  • Атырау — РФ шекарасымен шектесетін жол (Астрахан),
  • Подстепное — Федоровка — РФ шекарасымен шектесетін жол.

Оқи отырыңыз: