Елімізде азық-түлік бағасы 0,9 пайыз қымбаттады

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Қарашада азық-түлік бағасы 0,9 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Соңғы бір айда (2021 жылдың қараша-қазан айы аралығы) баға азық-түлік тауарларына – 0,9%, азық-түлік емес тауарларына – 1%, ақылы қызметтерге 0,3% жоғарылады. Бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 8,3%, жұмыртқаға – 2,1%, ұнға – 1,5%, шошқа етіне – 1,1%, пастерленген сүтке, жармаларға, макарон өнімдеріне – 1%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 0,9%, нанға, құмшекерге, шұжық өнімдеріне, жылқы етіне – 0,8%, құс етіне 0,7 % байқалды.

Темекі өнімдері – 1%, алкогольді сусындар 0,5% қымбаттады. Бағаның төмендеуі картопқа – 1,4%, жаңа жиналған жемістерге 0,6 % тіркелді», — делінген бюро хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, баға дизель отынына – 14,6%, баллондағы сұйытылған газға – 13,6%, тас көмірге – 3,7%, бензинге 2,4% өсті. Баға өсімі тоқыма бұйымдарына – 0,9%, фармацевтикалық өнімдерге 0,7% болды.

Тұрғын үйді жалға беру үшін төлем 1,4% пайыз өсті. Баға деңгейі мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 0,7%, денсаулық сақтау қызметтеріне 0,4% пайыз жоғарылады.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз