Басты бет Саясат Парламент Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді

Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді

Халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Мәжіліс депутаттары «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасына осындай түзету енгізіп, екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төртінші желтоқсан күні мәжілістің жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Әбдіманап Бектұрғанов депутаттық корпус енгізген басты түзетулерге тоқталды.

«Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақының төленуін көздейтін норма енгізіледі», — деді депутат.

Сондай-ақ, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталған педагогке 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2019 жылы 2,5 миллион теңгеге тең) біржолғы төлем беріледі.

Бұдан бөлек, мәжілісмендер 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп мұғалімдері үшін нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендетуді ұсынып отыр.

Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік білім ұйымдары мен әскери оқу орындарының мұғалімдеріне де магистр дәрежесі үшін 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (25 250 теңге) қосымша ақы енгізілді.

«Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұғалімдерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін басым тәртіппен беруге кепілдік белгіленеді. Педагогтердің білім алушылар, тәрбиеленушілер және оның ата-анасы, немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан мамандығына құрметпен қарауды және тиісті мінез-құлықты талап ету құқығы нақтыланды», — деді Бектұрғанов.

Сонымен қатар, мұғалімдердің педагогикалық этика нормасын бұзуы, бұрын көзделгендей әкімшілік құқық бұзушылыққа емес, Қазақстанның еңбек кодексінде көзделген тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын тәртіптік теріс қылыққа теңестіріледі.

Депутаттар кәсіптік қызметке алғаш рет кірісетін педагогтердің сәйкестігін растау және біліктілігін беру институтын іске асыру тетігі жеткілікті пысықталмағандықтан, алып тастаған.

Бірін-бірі жоққа шығаратын немесе қайталанатын ережелері бар нормалар да алынып тасталды.

Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Болат Бақауов екі айға қамауға алынды (фото)

Лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктеліп жатқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 17 қаңтарда Павлодарда өңір басшысы Болат...

ҰҚК арнайы операция кезінде 17 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экономикалық қауіпсіздік қызметі Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматыда ауқымды арнайы операция жүргізді. 17 адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. ҰҚК қызметкерлері мемлекетке айтарлықтай...

Елордада оқушылар мектеп маңында пышақтасты

Екі оқушы арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Суық қару да қолданылған екен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 16 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы оқу орындарының бірінің маңында...

Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолдары айтылды

Мемлекеттік аннуитет компаниясының басқарушы директоры Әлемжан Ақажанов зейнеткерлік аннуитет шарттарының қалай өзгеретінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Зейнеткерлік аннуитет" қалай беріледі? Қазіргі заңнамаға сәйкес, зейнетақы...

Ақтаулық атышулы хирург 14 жастағы қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шықты

Ақтауда белгілі хирург Насухан Отарғазиев 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызға күрделі ота жасап, ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл...

Оңбай таяқ жеген қыздың өзі жеңіл жүріспен табыс тапқан (видео)

Жәбірленушінің өзі жезөкшелікпен айналысқан! Зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым деп шағымданған бойжеткенге қатысты Алматы полициясы жаңа дерек айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Оңбай таяқ жеген қыздың өзі...

Сот Қытайдан келген Тілек Тәбәрікұлына үкім шығарды

16 қаңтарда Алматы облысы Панфилов аудандық сотында "шекараны заңсыз бұзды" деп айыпталған Шыңжаң қазағы 30 жастағы Тілек Тәбәрікұлына үкім шықты. Судья Динара Құйқабаева Тәбәрікұлын...