Басты бет Саясат Парламент Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеруге тыйым салынады

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеруге тыйым салынады

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің құнын өндіруші ұсынған бағаның 15%-нен артық көтеруге тыйым салынады. Мәжіліс тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Заң жобасына сәйкес, енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сату кезінде тауар құнын өндіруші немесе көтерме жеткізуші ұсынған бағаның 15 процентінен артық өсіруге тыйым салынады. Бұл талапты бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады.

«Бұл нормалар ұн, жұмыртқа, күнбағыс майы, тұз және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Барлығы осындай азық түліктің 19 түрі бар», — деді мәжіліс депутаты Мерует Қазбекова жалпы отырыста.

Базар әкімшілігі сатушыларды бекітілген шекті бағалар мен әкімшілік жауапкершілік туралы хабардар етуге міндетті.

Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі

Бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан пісірілген нан (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), картоп, сәбіз, пияз, ақ қауданды қырыққабат, ақ қант – құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада, майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада, сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), тауық жұмыртқасы (I санатты), аc тұзы («Экстра»-дан басқа), сүзбе, майлылығы 5-9%.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...