Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5%-ке ұлғайды

Фото көрнекілік үшін pixabay.com сайтынан алынды

Көрсеткіштің оң өсуі 15 өңір бойынша тіркелді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5%-ке ұлғайды. Көрсеткіштің оң өсуі 15 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғарғы өсуі Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Ұлытау және Ақтөбе облыстарында байқалды. Биылғы жылғы қаңтарда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 39,6%-ке артық. Ең жоғарғы көрсеткіштер Алматы және Атырау облыстарында, Алматы және Астана қалаларында байқалды», – деді спикер.

Бұл көрсеткіштің айтарлықтай төмендеуі Ұлытау облысында тіркелді.