Наурыздың отызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы карантинге жабылады. Бұл туралы Қазақстандағы коронавируспен күрес жөніндегі IT-штабтың ресми каналы хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Атырау облысында алты адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, төрт науқастың 21 адаммен байланыста болғаны анықталды. Олардың бәрі сынама тапсырды, вирус жұқтырмаған. 14 күн бойы карантинде болады.
Бұған дейін Атырау облысында коронавирусты жұқтырған алтыншы адам — медбике екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта астана, Алматы және Шымкенттің тұрғын үй алабы карантинге жабылған болатын. 30 наурыздан бастап Ақтау, Атырау және Қарағанды облысындағы бес қалада карантин енгізіледі.
Оқи отырыңыз:
- Қарағанды облысының тұрғындары коронавирусқа жаппай тест тапсыра алады
- Тәжікстан елінен 24 қазақстандық елге жеткізілді
- Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем таксистер мен бала күтушілерге де төленеді
Фото: 24.kz
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз