Елімізде зейнеткерлерге 59 мың теңгеден берілетіні рас па

Фото: qaz.mediaworld.kz

Әлеуметтік желіде әрбір зейнеткерге 59 000 теңге мөлшерінде өтем төленетіндігі туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.  

Онда мемлекет басшысының тиісті тапсырма бергені айтылған. Алайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Азаматтарға мұндай хабарламаларды алаяқтар жеке аккаунттар мен банктік шоттарды иемдену үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыздар. Азаматтардан фейктерге назар аудармауын және ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алынған ақпаратты ғана пайдалануын сұраймыз», – делінген хабарламада.

Осы орайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты ресми дереккөздерден ғана алуды сұрады.

Автор: Сәке Қанатұлы

Оқи отырыңыз: