Басты бет Экономика Елімізде жеңілдетілген несиеге онлайн-өтінім қабылдау басталды

Елімізде жеңілдетілген несиеге онлайн-өтінім қабылдау басталды

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардан несие өтінімдерін онлайн қабылдау жұмыстарын бастады, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бизнес-процестерді автоматтандыру жұмыстары өткен жылы «ҚазАгро» холдингін трансформациялау аясында басталған болатын. Несие алудың онлайн-өтінім жүйесі пилоттық негізде былтыр Холдингтің еншілес компаниясы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының елордадағы бөлімшесінде іске қосылды.

Несие алуға ниет еткен азамат өтінімді үйінен шықпай-ақ жібере алады. Бұл әсіресе облыс орталығынан алыс орналасқан шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін өте тиімді болмақ. Өйткені, түрлі шығындар да едәуір қысқарады.

Клиент электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен мемлекеттік дерекқорлардан басқа құжаттарды сұратуға келісім береді, сондай-ақ өтінішке, бизнес-жоспарға және несие алу сауалнамасына қол қоюға мүмкіндігі бар. Осының нәтижесінде несие алуға қажетті құжаттардың да саны азаяды.

Өтінім келіп түскеннен кейін жүйе клиенттің несие алу мүмкіндігін және Қормен байланысы бар-жоғын тексереді.

Егер бұрын екі жұмыс күні сараптама жүргізуге, қорытынды беруге және нәтижелерді несие бөліміне беруге кететін болса, қазір жүйе бұл тексеруді бірнеше минуттың ішінде автоматты түрде жүзеге асырады.

Сондай-ақ, клиенттің несие тарихы туралы бірнеше минут ішінде автоматты түрде дайын болған есепті алатын несие бөлімнің өтінімді қарау мерзімі де қысқартылады. Бұл жетістікке жүйені «Мемлекеттік несие бюросы» акционерлік қоғамымен интеграциялаудың нәтижесінде қол жетіп отыр.

Клиенттерді өтінім берудің жаңа механизмдеріне оқыту үшін аймақтарда онлайн-жүйеге қосылған компьютерлер орнатылған. Осылайша, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының филиалдарында менеджер-кеңесшінің көмегімен клиентке онлайн-жүйенің мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылуда. Енді қала және ауыл тұрғындары жеңілдетілген несиеге жылдам қол жеткізеді және қажетті құжаттарды дайындауға, жинауға арналған шығындары азаятын болады.

Оқи отырыңыз:

Фото: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...