Нұр-Сұлтан мен Петропавлда сауда-ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық моншалардың қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігіне тоқталды. Себебі қарантин шараларын жеңілдету кейбір өңірлерде ауруды жұқтыру санын көбейтіп отыр.
«Осыған орай өңірлерде қызметіне қайта кіріскен объектілерде санитариялық талаптардың орындалуына қатаң бақылау ұйымдастыру тапсырылды», — деп жазды үкімет басшысының ресми сайты.
Тек Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында санитариялық талаптарды орындамағаны және бұзғаны үшін 15 құрылыс нысанының қызметі анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше тоқтатылды.
Сонымен қатар қолайлы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылдың 20 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавл қалаларында сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар іске қосылмайды), қоғамдық моншалардың қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды.
Ресей Федерациясынан мыңға тарта Қазақстан азаматын, оның ішінде сол жақта оқитын студент жастарымызды елге қайтару мәселесі қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бірнеше нақты тапсырма берді.
Оқи отырыңыз:
- «Партия құрамын» деген белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы ұстап әкетті (видео)
- Кісі өлтіріп, 15 жыл қашып жүрген Өзбекстан азаматы Алматы облысында ұсталды
- Оралда өгей әкесін өлтіріп, түрмеге түскен оқушы қыз асылып қалды
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз