Еліміздің кейбір өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауады

71
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Қазақстанның алты облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

9-10 қыркүйекте Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман болады деп күтілуде. 9 қыркүйектен 10 қыркүйекке қараған түні кейбір жерлерде 1-3 градус аяз болады. Дауылдың ықтималдығы 70-75% құрайды.

Ақмола облысында 9 қыркүйекте түнде кей жерлерде 1-3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтілуде. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды. Нұр-Сұлтанда 9 қыркүйекте түнде топырақ бетіне мұз қатады, 2 градус суық болады. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында 9 қыркүйекте күн күркірейді, түнде тауда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с қатты жел соғады.

Қызылорда облысында 9 қыркүйекте таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылдың болу ықтималдылығы — 90-100%

Қостанай облысының шығысында 9 қыркүйекте түнде 1-3 градус аяз болып, үсік жүруі ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Дауыл болу ықтималдығы — 90-95%

Батыс Қазақстан облысында 9 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, қар аралас жаңбыр жауады, бұршақ түсуі де мүмкін. Екпіні 15-20 м/с қатты жел оңтүстік бағытқа қарай соғады. 9 қыркүйекте күндіз Оралда найзағай ойнап, оңтүстіктен жел соғады, екпіні — 18 м/с. Дауыл болу ықтималдылығы — 85-90%.

Оқи отырыңыз: