Елордада оннан астам автокөлік өртеніп кетті

Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Елордалық өрт сөндірушілер көлік жуу орындарының бірінде болған өртті сөндірді, деп хабарлайды MediaWorld.kz Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 7 қаңтарда сағат 08:52-де Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесі, 26/1 мекенжайы бойынша автокөлік жуу орнының ішінде көліктер жанып жатқаны туралы келіп түскен шақыруға Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінен  9 бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам  шықты, — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Елордада оннан астам автокөлік өртеніп кетті
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілер сағат 08: 59-да келген бойда «Батыр» көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша 13 жеңіл автокөлік зардап шекті.

Елордада оннан астам автокөлік өртеніп кетті
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіру автокөлік жуу орны автокөліктермен тығыз толтырылғандықтан  біраз қиынға соқты, бірақ өрт сөндірушілердің жедел және сауатты іс-қимылдарының арқасында өрт 10 сағат 21 минут ішінде ауыздықталып, 10 сағат 53 минут ішінде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Елордада оннан астам автокөлік өртеніп кетті
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Елордада оннан астам автокөлік өртеніп кетті
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: