Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін Елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шаралар тек онлайн режимде өтеді. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлады.
Мысалы «Домбыра күні» шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады. «Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен «Доктор у дома» медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады.
Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген. Сонымен қатар, үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады. Қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады. Атап айтқанда, азаматтар маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы керек», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы жоспар ұсынғанын айтты.
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты
Оқи отырыңыз:
- Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмысына қатысты ақпарат шықты
- Аружан Саин тойға екі жылға тыйым салуды ұсынды
- Тоқаев теңге бағамына қатысты бірқатар тапсырма берді
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз