Басты бет Оқиға Елорда тұрғыны супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды – видео

Елорда тұрғыны супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды – видео

Нұр-Сұлтан супермаркеттерінің бірінде жанжал шығарып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелді куәгерлер видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан әйелдің пышақты оңды-солды сілтеп жатқанын көруге болады. Бірнеше ер адам оны тыныштандыруға тырысады, ал әйелдер жағы бүлінген тауардың ақысын төлеуге тура келетінін айтқан. Бірақ бұл оны одан сайын ашуландырған.

«Жақындама маған», — деп айғайлап, сөредегі тауарларды лақтырған.

Оқиғаға Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«10 шілдеде кешкі сағат 18.00-де полицияға Самал  шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйелдің келушілер мен қызметкерлерге пышақ сермеп, балағат сөздер айтып, сөрелерді қиратып, азық-түлікті шашып жатқандығы туралы хабарлама түсті», — делінген ақпаратта.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бұл фактіні растаған. Бұрын сотталған 1990 жылы туған әйел полицейлерге қарсылық көрсеткен.

«Ол ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді, тексеріс жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Фото: видеодан алынған кадр

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев азық-түлік бағасын төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы...

Министр Қазақстанның ең лас 10 қаласын атады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ауасы өте лас он қаланы атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, бүгінгі күні өңірлердің негізгі экологиялық...

Бір әйел көршісінің телефонын ұрлап қана қоймай, онымен несие де рәсімдеген

Көршісінің телефонын ұрлап, 300 мың теңгеге несие рәсімдеген қызылордалық әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz. Polisia.kz мәліметі бойынша, Қызылорда облысы Полиция департаменті Қармақшы ауданының полиция бөліміне...

Жазира мен Жанболат жанкүйерлерін алаяқтарға алданып қалмауға шақырды

Қазақстандық танымал жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова алаяқтардың өз атынан жалған ұтыс ойнатып жүргенін хабарлады. Өнер иелері аталған ұтыс ойынына қатыстары жоқ...

Министр көпбалалы аналар митингісіне неге шықпайтынын айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов митингіге шығатын аналардың алдына шықпаудың себебін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Иә, министрліктің алдына азаматтар келеді, өздерінің...

Оңтүстікте 40 градусқа дейін күн ысиды

"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 2021 жылдың 15-17 маусымындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай...

Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді (фото)

Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл қуанышты жаңалықты әншінің әпкесі Меруерт Әуелбекова жариялады. "Халайық, сүйінші! Алланың қалауымен қасиетті жұма...