Басты бет Қоғам Елордада 15 мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақыға ие болды

Елордада 15 мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақыға ие болды

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Қазіргі жағдай бойынша елордалық 15 мыңнан астам отбасы аталмыш жәрдемақыға ие болып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін көмектің жаңа форматына сәйкес, жәрдемақы көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан отбасындағы балалар санына қарай сараланған мөлшерде төленеді. Атап айтқанда, 4 балаға – 42 496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге,7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыға өтініш беру үшін құжаттарды Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы аудандарының халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізу қажет.

Қазіргі кездегі жағдай бойынша бұрын арнайы мемлекеттік жәрдемақы алған 10 266 көпбалалы отбасыға төлемдер автоматтандырылды. Ал 2018-2019 жылдары туған 4 және одан да көп баласы бар 5 075 отбасыға мемлекеттік жәрдемақы қайта тағайындалды. Егер отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен болса немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і болса, азаматтар атаулы әлеуметтік көмекке жүгіне алатындығын айта кеткен жөн.

Естеріңізге салсақ, 2020 жылдың 1-тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 654 теңге, кедейлік шегі – 24 258 теңге.

Читайте также:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...