Елордада 1700-ге жуық ақылы тұрақ алынып тасталды

Фото: pixabay.com

Елордадағы ақылы автотұрақтар саны азайды. Бірқатар нысандардың аумағынан 1680 тұрақ алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Олардың басым бөлігі Сарыарқа ауданында. Алайда қалған автотұрақтар өзінің жұмысын жалғастырады.

Қалалық әкімдік бұл арқылы жолдағы жүктеме 20-30%-ға, проблемалық аудандардағы жол ережелерін бұзу 70%-ға төмендеді деген мәлімет таратты.