Нұр-Сұлтанда жатақхана ретінде жабдықталған 20 бөлмелі ғимарат өртенді. Өрт салдарынан жатақхананың төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды MediaWorld.kz Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 қаңтарда 20 сағат 57 минутта Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамның 22 адамы және 4 бірлік техникасы құрамында Медеу көшесі, 24 мекен-жайы бойынша үйдің жанып жатқаны туралы келіп түскен шақыруға шықты.

Өрт сөндірушілер келген бойда жатақхана ретінде жабдықталған бір қабатты мансардалы 20 бөлмелі жеке үй жанып жатқаны анықталды. Өрт салдарынан төбе бөлігі опырылып түсті.

Елордалық өрт сөндірушілердің жедел, кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында өрт 21 сағат 24 минутта ауыздықталып, 21 сағат 39 минутта толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өз бетімен эвакуацияланды және қазіргі уақытта туысқандарының үйлеріне орналастырылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің аумағы 80 шаршы метрді құрайды.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін жауапкершілікпен сақтауға, сақ болуға және өртті сөндіруден гөрі алдын алу әлдеқайда оңай екенін есте сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, төсекте темекі шекпеңіз, тұрмыстық және басқа техниканы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтаңыз, электр сымдарының оқшаулағышы зақымданған құралдарды пайдаланбаңыз.
Оқи отырыңыз:
- Полиция Төреғали Төреәлінің желідегі фотосына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр
- Қарағандыда ер адамның мәйіті табылды
- Министр елорданы көк түтіннен қалай құтқаруға болатынын айтты