Елордада әйел құдыққа түсіп кетті

175
Видео мен фото: Нұр- Сұлтан қ. ТЖД баспасөз қызметі

13 қаңтар күні астаналық ТЖД Қабанбай батыр көшесі бойында әйелдің құдыққа түсіп кеткендігі туралы келіп түскен хабарлама бойынша оқиға орнына шықты, деп хабарлайды MediaWorld.kz Нұр-Сұлтан қ. ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке құрамның 9 адамы және 2 бірлік техника шақырту орнына келіп, жедел түрде құтқару операциясына кірісті. Құтқару сатысының және құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен әрекетімен әйел адамды шығарып, құтқарылды.

Зардап шеккен әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылып, ары қарай 1 көп салалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайы қанағаттанарлық, үйіне жіберілді.

Оқи отырыңыз: