Қоғамдық көлік қозғалысы карантин аяқталғанға дейін жанданбайды. Бұл туралы астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
«Вирус жұқтыру қаупі жойылмағандықтан, кинотеатр, сауда ойын-сауық орталықтары, мейрамхана, дәмханалар мен адам көп шоғырланатын жерлер ашылмайды. Соңғылары онлайн тапсырыс бойынша қызмет көрсетуді жалғастырады. Қоғамдық көлік қозғалысы да карантин аяқталғанға дейін жанданбайды», — деді әкімдік.
Әкімдіктің баспасөз қызметі саяжайға баратын тұрғындар өз көлігімен жетуі тиіс екенін жеткізді. Алайда оларға саяжайға қонақ шақырып, отырыс ұйымдастыруға тыйым салынады.
Оқи отырыңыз:
- Елордада соғыс ардагерлері 1 млн теңгеден алады
- Карантин кезінде бір отбасы үйдің шатырынан қашты
- Желідегі видеода медицина қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсеткен ер адам ұсталды
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз