Басты бет Оқиға Елордада тергеу изоляторында қоғам белсендісі көз жұмды

Елордада тергеу изоляторында қоғам белсендісі көз жұмды

Нұр-Сұлтан қаласында тергеу изоляторында 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Фото: Facebook

Сотты құрметтемеу, судьяны немесе сот отырысына қатысушыларды қорлау түріндегі құқық бұзушылық әрекеттеріне қатысты Дулат Ағаділдің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Биыл қаңтар айында оған сырттай айыпты деген үкім шығарылып, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Дегенмен үкімде көрсетілген мерзімде тергеуге келмей, одан жалтарғанына байланысты бұл бұлтартпау шарасы қамауға алуға өзгертілді, — деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

24 ақпанда кешкі сағат 21.00 шамасында Ағаділ үйінде ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Ол отырған тергеу изоляторы камерасында тағы төрт адам бар. Олар оған қарсы зорлық-зомбылық қолдану фактілері болмағаны туралы куәлік етті. Оны ұстау кезінде медициналық сараптама қорытындысында мас болғаны көрсетілген. Жедел жәрдем бригадасы оның өлімін тіркеді. Өлімнің алдын-ала себебі: «Жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі». Марқұмның денесінде ешқандай дене жарақаттары жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталды, — дейді құзырлы органдағылар.

42 жастағы Дулат Ағаділ әлеуметтік мәселелерді көтеріп, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды сақтауды жақтайтын қоғам белсендісі болған еді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...