Басты бет Қоғам Елордадағы LRT-ның ендігі тағдыры не болады?

Елордадағы LRT-ның ендігі тағдыры не болады?

Елордада жеңіл рельсті көлік құрылысының екінші кезегі бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Бұл туралы астананың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«LRT-ның екінші кезегі бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Дайын болғаннан кейін мемлекеттік сараптамаға жолданады. Егер сараптама оң қорытындысын берсе, құрылыс жалғасады», — деді ол ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатынан кейін.

Айтуынша, сараптама жеңіл рельсті көліктің құрылысын әрі қарай жалғастыру қажет пе, жоқ па соны анықтайды.

«Сараптама қорытындысын ешкім құпия ұстамайды деп ойлаймын», — деді Ұранқаев.

LRТ төңірегіндегі дау

Былтыр жазда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл рельсті көліктің құрылысын сынға алды. Президент LRТ өзін-өзі ақтайтынына сенбейтінін жеткізген еді.

Құрылысты 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқтау жоспарланған, ал жоба осы жылдың жазында іске қосылуы тиіс болатын. Алайда сәуір айында қаржыландыруға байланысты құрылыс уақытша тоқтап қалды.

Кейін жеңіл рельсті көлікті салу кезінде миллиардтаған ақша жымқырылғаны анықталды. Қылмыстық схеманы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Астана LRT компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан қазақстандық және шетелдік компаниялардың көмегімен ұйымдастырған.

Қазір оларға халықаралық іздеу жарияланды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...