Басты бет Қоғам Білім Елордада "Үздік педагог-2019" атағын алғандар марапатталды

Елордада «Үздік педагог-2019» атағын алғандар марапатталды

Елордада ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының өкілдері, Мәжіліс депутаттары, мұғалімдер және білім беру саласының ардагер-ұстаздары қатысты.

Айта кеткен жөн, 8 жыл ішінде аталған байқауға 35 127 педагог қатысып, оның ішінде мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі 432 педагог 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен және «Үздік педагог» белгісімен марапатталған.

Биылғы салтанатты шараның тағы бір ерекшелігі – байқау жеңімпаздарын құттықтаумен қатар жеңімпаздардың біріне қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорымен «Қазақстан мұғалімі» сыйлықақысы берілді. Аталған сыйлықақы Нұр-Сұлтан қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей интернатының математика пәнінің мұғалімі Гул Муаммер мырзаға табысталды. Ендігі кезекте, жеңімпаздар арасындағы ең үздік 10 жұмыс «Әлем мұғалімі – 2020» халықаралық конкурсына жіберілетін болады.

«Үздік педагог – 2019» атағы 48 ұстазға табыс етілді. Республикалық конкурс жеңімпаздарының тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас-жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 113-ші орында тұр

Пара алу жағынан ішкі істер органдары алдына жан салмай келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары хабарлады, деп жазады «Астана»...

Алматыда аудандық соттың төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

Алматыда Бостандық аудандық сотының төрағасы ұсталды. Судья Алтынбек Баянов пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан видеода қара...

Шымкентте «сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің қалған мүлкі электронды саудаға қойылды. Аукцион туралы Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды...

Көкшетауда курстасын құтқару үшін жанталасқан жігіттер жайлы видео таралды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті оқу орнының алтыншы қабатының терезесінен құлап түсті. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды...

Елімізде бірнеше полиция қызметкері ұсталды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, бірнеше облыста ІІМ қызметкерлері арасында жемқорлық фактілерінің алдын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Батыс...

Әкімнің «креслосын» сатып алмақ болған шенді қызметінен айырылып тынды

Жамбыл облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлескен Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Жамбыл...

Алматылықтар мен қытайлықтар жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қытайлық жастармен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода бір топ қытайлық жас ұзын айдаһардың формасын ұстап тұр....