Нұр-Сұлтанда ер адам өзімен танысудан бас тартқан әйелдің қымбат телефонын ұрлап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шегуші полицияға белгісіз адамның сағат 05.00 шамасында Бейбітшілік көшесінде оның «Айфон 11» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып шағымданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері 36 жастағы қала тұрғынын ұстады.
«Тергеу барысында 32 жастағы жәбірленушінің кафеде демалып отырғанда күдіктімен танысқаны анықталды. Кафе жабылғаннан кейін, ер адам онымен бірге барып, таныстықты әрі қарай жалғастыруға шақырған. Бірақ айел бас тартқан. Бұл ер адамның намысына тиіп, әйелдің ұялы телефон алып қашып кеткен», — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Автор: Нұрила Ермекбай
Оқи отырыңыз:
- «Әйел адам мотивация беруі керек»: Дінтанушы қазіргі кезде ер азаматтарға не жетіспейтінін айтты
- Полицейлер Армениядан көлік әкелген ел тұрғындарына ескерту жасады
- Алдағы бес жылда Атырау облысында су тапшылығы 40%-ға дейін артуы мүмкін