Басты бет Қоғам Халық Елордалық кәріс этномәдени орталығы «Чусок» мерекесін атап өтті

Елордалық кәріс этномәдени орталығы «Чусок» мерекесін атап өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен елордалық кәріс этномәдени бірлестігінің өкілдері ұйымдастырған шараға Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігінің өкілдері және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Мерекелік кешті Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сик құттықтау сөзбен бастады.

«Чусок» ― шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдан кейінгі маңызы жоғары екінші мейрам. Айтулы күнді ортақ мерекесі санайтын кәрістер осы күні өздерінің бақилық болған ата-аналарын еске алады. Бейіт маңын тазартып, еске алу дастарханын жасап, қабір басына егін орағының ең үздік сыйларын қояды. Қызмет бабына байланысты 30 жылдан бері туған жерімнен жырақта жүруіме байланысты, қазақ елінде бұл мерекені тойлау, маған Отанымды жақындататындай. Дәстүрдің үзілмей, жалғасын табуына септігін тигізген барша ұйымдастырушыларға алғысымды жеткізгім келеді», ― деді Ким Дэ Сик.

Екі сағатқа созылған мерекелік іс-шара барысында дәстүр бойынша қонақтарға мерекеге арнайы дайындалған, күріштен жасалған «чимпень» кәріс жұқа нанынан дәм таттырды.

«Қазақстан Республикасында барша ұлт өкілдері ынтымақпен өмір сүріп жатырғанын білесіздер. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында өзге этнос өкілдері өз мәдениеті мен дәстүрін, тілін сақтап, байыта түсуге мүмкіндік алды. Күз мезгілі бізге әрдайым «Чхусок» мерекесімен байланысты екені мәлім. Осындай ұлттық мейрамдар бұдан кейін де жалғасын табады. Мұның бәрі ― Елбасы саясаты мен ел бірлігінің арқасы», ― деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Концерттік бағдарламаны барабаншы-самульнорилар ашты. Этномәдени орталықтың хореографиялық және вокалдық ансамблдерінің орындауларында ұлттық билер мен әндер орындалды.

Кеш соңында елордалық кәріс этномәдени орталығының басшылары Александр Ким мен Роза Пак барша қатысушыларға әдемі кеш үшін алғысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысында 28 жастағы әйел өзінің жаңа туған нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Дүниеге келгеніне бірнеше күн болған шақалақтың денесі өз үйінің...

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді, — Ж.Бекшин

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше ажал құшқандардың саны 2800-ге таяған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Фото pixabay.com сатынан алынды Ресми атауы...

Қордай ауданының тұрғындарынан бір килограмм героин табылды (видео)

Қордай ауданының екі тұрғынынан бір килограмнан астам героин табылды. Ер адамдар уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды https://youtu.be/ke8lkjNuAec Есірткі қылмысына қарсы...

Депутаттар белгісіз заттан уланған баланы еске алды

Мәжіліс депутаттары тұрғын үйлерде құрт-құмырсқа мен тышқандардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Осы жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық препараттардан адам өлімі жиілеп кеткен, деп хабарлайды Sputnik...

Ағаділдің өлімі: прокуратура сараптама барысы жайлы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты дерек жариялады, деп жазды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды "25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Ағаділ өліміне...

Ломбардтарды жарнамалаған әртістер мен блогерлер заң алдында жауап береді

Даулы ломбардтардың қызметін жарнамалаған Қазақстандағы танымал тұлғалардан полиция жауап алады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қазақстан ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді,...

Жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізіледі

Қазақстанда жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізу жоспарланып отыр. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды Мәжілістің...