Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағына жер учаскесін де сатып ала алады

Фото: MediaWorld.kz

Ел тұрғындарына біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер телімін сатып алу мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы «Отбасы банктің» Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Достар, сіздерді біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріндегі өзгерістер жайлы хабардар етуді жалғастырамыз. Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың жаңа мақсаты қосылды. Енді зейнетақы жинағының көмегімен жер телімін сатып алу мүмкіндігі пайда болады», — делінген қаржы ұйымының хабарламасында.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың жер телімін жер үй немесе қосалқы шаруашылық салуға ғана пайдалана алатыны белгілі болды.

Одан бөлек, қаржы ұйымы жер теліміне 24 ай ішінде үй салып, банкке құжаттарды ұсыну қажет екенін ескертті.

Құжаттар тізімі:

  • Қолданысқа енгізілу актісі;
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.

Автор: Сәке Қанатұлы

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз