Басты бет Қоғам Энергетика саласындағы сатып алуларда қазақстандық өндірушілерді қолдау

Энергетика саласындағы сатып алуларда қазақстандық өндірушілерді қолдау

Энергетика саласында пайдалануға бағытталған өнім шығарушы қазақстандық кәсіпорындар күрделі өндірістік жобаларды барған сайын батыл игеріп келеді, деп хабарлайды MediaWorld.kz Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық компаниялардың технологиялық дамуы мен қосылған құны жоғарырақ өнім шығаруына, былайша айтқанда off-take (оффтейк) шарттар механизмі оң ықпал етуде. 2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының тобы бойынша жалпы сомасы 536 млн. теңгеден асатын 8 оффтейк-шарт жасалды.

Өзінің электр станцияларын, көмір кеніштерін және энергия беретін компанияларын жабдықтау үшін аса ірі электр энергетикалық холдинг тауарлардың кең ауқымын – радиостанциялар мен изоляторлардан бастап электродтар мен трансформаторларға дейін сатып алу туралы серіктестік қатынастарын ресімдеді.

«Оффтейк-шарт» – импорт алмастыру жобаларына қатысушы кәсіпкерлерді тапсырыс беру арқылы қолдаудың жақсы құралы. Яғни, жоба іске асырылғаннан кейін өнім жеткізілетін және оның құны төленетін ұзақ мерзімді шартты білдіреді.

Импорт алмастыруды дамыту отандық өндірісті қолдаудың өте маңызды тетігі болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ-да импорт алмастыру және жергілікті мазмұнды дамыту мәселелері бойынша Жергілікті жобалау офисі құрылған, Қазақстандық өндірушілермен жасалған әлгі 8 оффтейк шарт соның жұмысының нәтижесі. Бұл орайда, импорт алмастыруға жататын тауарларды сатып алынатын жұмыстар мен қызметтер қатарынан шығаруға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы энергия беруші компания – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ сатып алынатын жұмыстардан Қазақстанда жасалмайтын «Трансформатор» позициясын шығарып тастады және осындай позиция бойынша өндіріс орнын құрған отандық жеткізіп берушіні сомасы 485 млн. теңге болатын тапсырыспен қамтамасыз етті.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Дархан Сағындықовтың сөзінше, оффтейк шарттар механизмі бүгінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның сатып алу жүйесіне белсенді түрде енгізілуде, бұл отандық бизнеспен ынтымақтастықты мүлде жаңа деңгейге көтеруге, қосымша жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ Қазақстанда бұрын-соңды болмаған өндіріс түрлерін игеруге мүмкіндік береді.

Қор 2020 жылды Отандық өндірушілерді қолдау жылы деп жариялағаны мәлім. Қордың компаниялары негізгі тапсырыс беруші ретінде экономиканың сауда, қызмет көрсету және өнеркәсіп секторларының едәуір бөлігін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 2020 жылдың басынан бергі уақыттың өзінде-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ тобының электр энергетикалық кәсіпорындары холдингтің тауар өндірушілерін сомасы 2,5 млрд.теңгеден астам тапсырыспен қамтамасыз етті.

Оқи отырыңыз:

Фото: Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз қызметі

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...