Ер адам қоғамдық көлікте 10 жастағы қызды зорлады

Фото: pixabay.com

Сочи тұрғынына автобуста қызды зорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Краснодар өңірі бойынша РФ Тергеу комитетінің тергеу басқармасына сілтеме жасап.

Жаға ұстатарлық оқиға жаңажылдық демалыста, 7 қаңтар күні болған. Сочи тұрғыны күндіз қоғамдық көлікте он жастағы қызға тиісіп, зорлаған.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Тергеу бөлімі 59 жастағы ер адамға кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тақты», — делінген хабарламада.

Қазір сот шешімімен күдіктіге қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Оқи отырыңыз: