Басты бет Аймақтар Ақтөбе облысы «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі»

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа — үлгі»

12 қараша күні Ақтөбе облысында биылғы жылы қызмет барысында ерлігімен ерекше көзге түскен республикамыздың ең үздік 14 полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа — үлгі» ұранымен «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясы басталды, деп хабарлайды MediaWorld.kz Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлерінде азаматтық-құқықтық көзқарас, қазақстандық патриотизм, Антқа және қызметтік борышқа адалдықты қалыптастыру  және ішкі істер органдарының имиджін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 11-15 қараша аралығында Ақтөбе қаласында бейбіт уақытта ерлік істер жасаған полиция, төтенше жағдайлар бөліністерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің қатысуымен жыл сайынғы «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акциясы өтіп жатыр.

13 қараша күні аталған акция Ақтөбе облысының Хромтау қаласында өз жалғасын тапты.

Хромтаудағы салтанатты шара ең алдымен қызмет бабында қаза тапқан  полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, оларды еске алудан басталды. Ескерткіш қызметін атқару кезінде 1980 жылы қылмыскерлер қолынан қаза тапқан, милиция майоры Бұжыр Иманғазин мен бұзақылар қолынан мерт болған учаскелік полиция қызметкері Қымбатқазы Оразалиннің есімдерін келешек ұрпақ жадында қалдыруға арналған болатын.

Шараға Хромтау ауданының тұрғындары мен жастар, ардагерлер, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, қаза тапқан полицейлердің туыстары қатысты.

​Жиналған көпшілік алдында сөз алған аудан әкімі Нағымжан Алдияров ауданға келген қонақтарға алғысын білдіріп, ел тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында анттарына адалдық танытқан асыл азаматтардың бейнесі отаншылдықтың жарқын үлгісі болып қала беретіні туралы айтты. Салтанатты шарада қаза болғандар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Республикалық акция қатысушылары Хромтау қаласындағы №7 орта білім беретін мектеп ұжымы және  оқушыларымен кездесті. Бұл кездесудің жастар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар.

Мемлекет тәртіп сақшыларының еңбегін жоғары бағалауда. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 1392 ішкі істер органының қызметкері мемлекеттік наградалармен марпатталды. Олардың дені қиын жағдайларда ерлік пен антына адалдық танытып, азаматтардың қауіпсіздігі мен бейбіт өмірі үшін жанқиярлық көрсете білді.

«Біздің мақсатымыз — елін сүйетін, антына адал, қызметін мүлтіксіз орындайтын осындай әріптестеріміздің ұмытылмас өнегелі өмір жолдарын жастарға үлгі ету. Соның нақты бір мысалы ретінде, Ақтөбе қалалық полиция басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Абдуллин Әнуардың ерлік әрекеті айтуға болады, ол сейфтегі ақша мен алтын бұйымдарды ұрламақ болған қаруланған қылмыскерлерді өз басын қатерге тігіп, құрықтаған болатын» — деп атап өтті салтанатты шарада сөз алған ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақытжан Бейсеев.

Фото: Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

​Хромтаудағы кездесу соңында Алматы қаласы полиция департаменті ансамблінің шығармашылық ұжымы концерттік бағдарламасын ұсынды.

Фото: Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

​Акция Ақтөбе қаласында да  жалғасын тауып, Қ. Жұбанов  атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесуге ұласты.

​Өскелең ұрпақтың отаншылдық рухын көтеретін бұл маңызды патриоттық  шара қарашаның 14-інде Ақтөбе облысының Темір ауданында жалғасын таппақ.

15 қараша күні «Өнер орталығы» концерт залында салтанатты іс-шараның қорытынды бөлімі өтеді. Онда Ішкі істер министрі атынан марапаттаулар мен алғыс хаттар табыс етіледі.

​Акция соңында ақтөбелік тұрғындар назарына Алматы қаласы Полиция департаменті ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев әуежайында оқ атылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда абайсызда атылған оқтан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл оқиға 3 желтоқсанда болған. Алайда ол туралы енді ғана...

ҰҚК «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу жүргізе бастады (видео)

Алматы қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен қалалық прокуратура "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды...

Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара үшін сотталды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға...

Ауыл шаруашылығы министрлігі білім гранттарын бөлетін болды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР...

Батысқазақстандық әкімдердің әйелдері қонақ күтуден шаршаған (видео)

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Ал қалған әкімдер...

Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді

Халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі" туралы заң...

Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде екі есімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден...