Басты бет Қазақстан Ержан Максим "Балалар Евровидениесі 2019" байқауында екінші орын алды (видео)

Ержан Максим «Балалар Евровидениесі 2019» байқауында екінші орын алды (видео)

Польшаның Гливице қаласында өткен «Балалар Евровидениесі» музыкалық шоуында осы елдің өкілі Виктория Габор жеңімпаз атанды. Қазақстандық Ержан Максим екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербия өзінің ең көп 12 балын Қазақстанға берді. Қазақстан өз дауысын польшалық қатысушыға берді.

Ержан конкурсқа қатысушы елдердің кәсіби әділ-қазыларының ең көп дауысын алып, жеңімпаз атанғанына қарамастан, онлайн дауыс беру жағдайды түбегейлі өзгертті.

Тарихта алғаш рет бір ел қатарынан екі мәрте жеңімпаз болды. Виктория Габор «Superhero» әнін поляк және ағылшын тілінде шырқады.

Үздік үштікті испаниялық Мелани Гарсия «Marte» (Марс) әнімен түйіндеді.

Ержан Максим «Балалар Евровидениесі» байқауында Armanyńnan Qalma әнін орындап, Қазақстанды жоғары деңгейді таныстырды.

Жас әншіні алғашқылардың бірі болып Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Ел мақтанышы Димаш Құдайберген де Ержанды құттықтап, қолдау білдірді.

Оныншы нөмірде өнер көрсеткен әншіні сахнада би балеті сүйемелдеді. Ал концерт залындағы көрермендер ду қол шапалақтап құрмет көрсетті.

Ержан Максимнен басқа сайысқа 18 елдің өкілі қатысты.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...