Басты бет Әлем Еуропа бойынша Чехия бірінші болып карантин режимін жойып, шекарасын ашты

Еуропа бойынша Чехия бірінші болып карантин режимін жойып, шекарасын ашты

Чехия үкіметі азаматтарға ел ішінде еркін жүруге, сондай-ақ шекарадан тыс жерлерге шығуға рұқсат берді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Адам Войтех мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Прага таңы басылымының мәліметі бойынша, Чехия шекаралары шетелдіктер үшін де, өз азаматтар үшін де 16 наурыздан бастап коронавирусқа қарсы күрес шарасы қолға алынуына байланысты жабылды. Үйден арнайы рұқсат қағазбен жұмысқа, сондай-ақ азық-түлік дүкені немесе дәріханаға бару үшін шығуға болатын еді.

Чехияда азаматтардың еркін жүруіне салынған тыйымды 24 сәуірде жұмадан бастап алып тастау туралы шешім қабылдадық, — деді Войтех.

Билік тұрғындарға он адамға дейін жиналуға рұқсат берді. Бұған дейін Чехияда екіден артық адамдардың бас қосуына тыйым салынған болатын.

Сонымен қатар, жұмадан бастап ел тұрғындары шетелге шығуға да мүмкіндік алады. Елге оралғаннан кейін коронавирусқа жасалған тесттің теріс нәтижесі көрсетілген медициналық анықтамасын көрсетуі немесе үйде екі апталық карантинді сақтау қажет болады, — деді министр.

Сонымен қатар, ұсынылған тест төрт күндік мерзімнен аспауы керек, әйтпесе ол жарамсыз деп табылады.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...