Басты бет Қазақстан FlyArystan 200 мың жолаушы тасымалдады

FlyArystan 200 мың жолаушы тасымалдады

2 тамызда, яғни операцияллық жұмыстың 3 айы өткен соң FlyArystan 200 мың жолаушыны тасымалдады, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

2019 жылдың бірінші тоқсан нәтижесінде отандық лоукостер 280 000 астам билетті сатып үлгерді. Жолаушылардың 71% мамыр мен тамыз айлары аралығында сапарын орындап үлгерсе, қалған 1/3 бөлігі билеттерді бірнеше ай бұрын алып қойған екен. Барлық сатылған билеттердің жартысынан астамы 10 мың теңгеге дейінгі бағамен сатылғанын айта кеткен жөн. Оған қоса, шілденің соңында әуетасымалдаушы қысқы мезгілде орындалтын рейстерге билеттер сатылымын ашқан екен, олардың 130 мыңы 10 мың теңгеге дейінгі минималды бағамен flyarystan.com сайтында қолжетімді.

«Лоукостер жұмысының бірден-бір ерекшелігі – ол тез ұшып-қону жүйесі, яғни барлық әуежайларда қысқа уақыт аялдау ұстанымы. Бұл принцип арқасында біз флоттағы екі Airbus A320 ұшақтарының өзімен күніне 14 рейске дейін орындаймыз, Ал жылдың төртінші тоқсанында әуепаркіміз тағы да 2 ұшақпен толыққан кейін, біз рейстер санымен қатар, бағдарлар кестесін де ұлғайтуды көздеп отырмыз», – деп мәлім етті FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Сонымен қатар операциялық жұмыстың 3 айлық нәтижесінде жолаушылар орындарының жүктеме коэфиценті 94% құраса, 1167 рейстің 93% уақыты орындалғанын хабарлады. Бүгінгі таңда сапарларын уақытында орындау көрсеткіші бойынша FlyArystan үздіктердің қатарында екеніне назар салып, бұл нәтиже жоғары сапалы жұмысы пен жемісті операциялық қызмет арқасында мүмкін болып отырғанына назар салды.

Естеріңізге сала кетсек қазақстандық FlyArystan лоукостері бірінші рейсін Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша үстіміздегі 2019 жылдың 1 мамырда орындады. Осыдан кейін тұрақты рейстер Алматыдан Таразға, Қарағандыға, Орыл, Шымкент, Павлодар және де кері қарай орындала бастады.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы  – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана»  әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

FlyArystan әуефлотының орта жасы 6 жыл,  180 орны бар 2  Airbus 320-232 ұшақтарынан құралған.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...