Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтаудағы Ынтымақ алаңына келіп, наразылыққа шыққандарға үкіметтік комссияның шешімін жариялады. Олар газ бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен келіссөздер барысында қабылданған шешімдер, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне 50 теңге бағасын белгілеу туралы айтылды.
Сондай-ақ алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді.
Тараптар туындайтын барлық мәселені сындарлы диалог арқылы және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге уағдаласты.
5 қаңтар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселеге қатысты жиын өткізеді.
Оқи отырыңыз:
- «Теңізшевройл» компаниясы жұмысшылардың ереуілге шыққанын растады
- Түркімен шекарашылары мен тәліптер атысты
- Үкімет: Барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылданады
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз