Өгей әкесінің зорлағанын дәлелдеу үшін үнтаспаға жазуға мәжбүр болған

28
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оралда 17 жастағы қызды зорлады деген күдікпен өгей әкесіне іс қозғалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бойжеткен бірнеше жылдан бері қорлық көргенін ешкімге дәлелдей алмапты. Сондықтан сөзін растау үшін өгей әкесімен болған жыныстық қатынасты үнтаспаға жазып жариялаған.

Полицияға қыздың анасы шағым түсірген. Бірақ тергеу жүріп жатқандықтан істі құпия ұстаған тәртіп сақшылары болған жағдайды баяндаудан бас тартты. Әйтсе де кәмелетке толмаған қызға сексуалдық зорлық жасалуы мүмкін деген күдікпен  қылмыстық іс қозғалғанын жасырған жоқ. 17 жастағы жәбірленуші  өзінің өгей әкесі соңғы бірнеше жыл бойы зорлап келгенін жайып салған. Айтуынша, болған жағдай жазылған үнтаспа дайын болғанша оған ешкім де сенбепті. «Қазір барлық жағдай жан-жақты тексеріліп жатыр», — дейді тәртіп сақшылары.

Нұрлан Қожахметов, Орал қаласы ПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы:

— Тергеу жүріп жатыр.Міндетті түрде кәмелетке толмаған қызға да, шағым түсірген адамға да сот-психиатриялық сараптама тағайындалады. Тергеу ісі және сараптама қорытындысы әзір болған соң, қылмыстық іс бойынша шешім қабылданады.

Автор: Айзат Тұрғынбекқызы

Оқи отырыңыз: