Гондураста ең төменгі жалақы 120 мың теңге

12
Фото pixabay.com сайтынан алынды

«Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өседі», дегенге сонша қатты қуанатындай себеп жоқ. Бұл Шыңғыс Бауыржанұлы деген блогердің желідегі сөзі, деп жазады zakon.kz.

Оның пайымдауынша, бұл «өлместің күйін сақтап тұратын» шара ғана екен.

Науқасқа өліп қалмауы үшін өкпені желдететін аппарат арқылы берілетін кислородтың кезекті дозасы сияқты. Салыстыру үшін айтайын, шетелге тек кофе, креветка мен банан ғана сататын Гондураста ең төменгі жалақы мөлшері 120 мың теңге. Бұл жылына шетелге миллиондаған тонна мұнай, миллиардтаған текшеметр газ, миллиондаған тонна металл мен бидай, әлемде өндірілетін уранның жартысына жуығын сататын біздің Қазақстандағы ең төменгі жалақыдан үш есеге жуық көп.

«Гондурастықтар қазақстандықтар емес: кәдімгі көк бананын сатып-ақ он миллион халқы бар елдің экономикасын үндемей-ақ асырап отыр», деп сүйкеп жіберіпті пост авторы.

Оқи отырыңыз: