Басты бет Саясат Үкімет Халыққа зейнетақысын шешіп алу құқығын беру мәселесі әлі қаралуда

Халыққа зейнетақысын шешіп алу құқығын беру мәселесі әлі қаралуда

ҚР Парламенті Мәжілісінде вице-премьер Бердібек Сапарбаев қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алып, пайдалану құқығын беру мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

— Қазір арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Президенттің тапсырмасына сәйкес, біз бәрін қарастырып, содан кейін өз ұсыныстарымызды береміз. Мен бұл мәселе жайында бірнеше рет айттым. Мұның бәрі әрбір қазақстандықтың зейнетақы жинағына байланысты болады, — деді ол.

Вице-премьер түсіндіргендей, бұл ұсынысты қарастыру кезіндегі маңызды тұстардың бірі өмір сүру ұзақтығын ескеру.

— Әрбір азаматтың зейнет жасында неше жыл өмір сүретінін нақтылап, есептеу керек. Яғни, сол мерзімге оған зейнетақы жинағы жеткілікті бола ма, соны ескеру қажет, — деді Сапарбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп, жыл соңына дейін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шешіп алу тетіктерін әзірлеуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...