Басты бет Қоғам "Халық алдандық деп ойлауы мүмкін" - депутат зейнетақы ақшасына үй алу туралы

«Халық алдандық деп ойлауы мүмкін» — депутат зейнетақы ақшасына үй алу туралы

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалануға мүмкіндік беру туралы бастаманың заң жүзінде шикі екенін әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz.

— Әлі күнге дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұған қатысты берген нақты түсінігі жоқ па? Азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай тұрғын үй мен білім алу үшін пайдаланады? Мысалы, қазіргі уақытта талқыланып жатқан заң жобасы нұсқасында ол жағдайы бар адамдар үшін ғана мүмкін, яғни ер адамдардың зейнет жинағы ол үшін 8,2 миллион, әйелдер үшін — 10,1 миллион теңге болуы керек. Яғни, жинақтаған зейнетақы қаражаты осы шектен асқанда ғана оның бір бөлігін өз қажеттілігіне пайдалануға болады, — дейді депутат.

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, бұл шектен зейнетақы жинағы асқан 90 мың адам, яғни ​​БЖЗҚ салымшыларының 1% -ынан да аз көлем.

— Айтылды, ел естіп, дәмеленіп отыр. Ал енді не болады, мұндай шешім халықтың көңілін су сепкендей басары сөзсіз. Оған сенімдімін. Көбісі өзін алдап кеткен секілді сезінуі мүмкін. Мұндай біржақты шешім болмауы керек деп санаймын. Сондықтан салымшының әр категориясына сәйкес шекті көлемді белгілеуді ұсынамын. Зейнетке шыққан жасына, табысына, зейнетақы алу құқығына, баспанасы бар-жоғына қарай икемдеп, бұл мөлшерді есептеудің бір жүйесін түзуді ұсынамын, — деді Аманжан Жамалов.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...