Басты бет Қоғам Халық ашынып кетті: Түркістанда үйді ішіндегі дүние-мүлкімен қоса сүріп тастады

Халық ашынып кетті: Түркістанда үйді ішіндегі дүние-мүлкімен қоса сүріп тастады

Кеше YouTube желісінде «қақаған қыста бізді сыртқа шығарып, үйімді сүргелі жатыр» деп шырылдаған түркістандық ер адамның видеосы пайда болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеода сол үйдің баласы үстіне бензин құйып, өзін өртемек те болады. Бүгін оңтүстіктегі заңгер Айгүл Орынбек ол кісілерге барып, жағдайды білді. Өкінішке қарай, баспана ішіндегі дүниесімен қоса сүріліп кетіпті.

Заңгердің Facebook арқылы тікелей эфирден жүргізген видеода үй иесі: «Бұл бізді басынғандық, кісі құрлы көрмеу», — дейді. Өйткені кеше көршісі атышулы заңгер әрі блогер Руслан Жанпейісовті шақырған екен, сот орындаушыларынан бастап әкімдік қызметкерлеріне дейін тым-тырақай қашып кетіпті.

«Сүрдіртпеді, ана бала заңды жақсы біледі екен, ал бізде сондай қолдайтын адам болмады, міне сүріп кетті, ішінде дүние-мүлкім де кетті», — дейді алты баласымен қақаған қыста далада қалған әйел.

Түсінгеніміз, Түркістан қаласында мешіт орналасқан аудандағы жер телімдерін мемлекет өз балансына алып жатыр.

«2018 жылдың қазан айынан бастап «үйіңіз сүруге жатады» деген әкімдіктен қағаз келді. Содан бері бізден маза кетті. Үйді сүру туралы шешімді сот менің сыртымнан шығарып жіберді. Өйткені ол кезде мен Ташкентте ауруханада жатқанмын жүрегіммен. Оны алдын ала ескерткенмін өздеріне, соған қарамастан шешім шығарған сыртымнан. Қалалық сот — Бекботаев Абай деген. Сөйтіп Алматыдан бағалаушы жігітті шақыртқан. Ол 12 млн 993 мың теңге деп үйімді бағалаған. Бұл — жер телімінің құны ғана. Сонда үйдің басына неге ақша төленбейді деп, содан келіспедік олардың ұсынысына. Сотқа бердік өздерін, сыртымыздан шешім шығарғаны үшін. Міне, сол сот әлі жүріп жатыр, аяқталған жоқ, соған қарамастан үйімді сүріп кетті. Бір күн бұрын «ертең сүреміз» деген ескерту қағаз келді. Бірақ айттық, сот әлі аяқталған жоқ қой, оның үстіне аяқ-асты біз қайда барамыз, баратын жеріміз жоқ дедік», — дейді әйел.

Әйел өз сұқбатында үйінді астында қалған дүниесін де видеоға түсіріп алғанын айтады. Тоңазытқыш, теледидар, төсек-орын — бәрі кетті!

«Ақыры бізді шығарған екенсіңдер, жарайды енді дүние-мүлкімізді жинап алайық дегенде, «біз шетін ғана бұзамыз, алаң болмаңыздар» деген. Бір айналып келсек, бәрін сүріп тастапты. Дүниемнің барлығы үйіндінің астында қалды, видеосы да бар оның», — дейді ашынған әйел.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...