Төтенше жағдайлар комитетінің ұшағы астанаға дәрі-дәрмектің 600 мыңнан астам қаптамасын әкелді. Тауарлардың ішінде елордада аса сұранысқа ие 350 препарат бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Ксарелто», «Цефтриаксон», «Клексан», «Азитромицин», «Дексаметазон», «Метилпреднизолон», «Ибупрофен», «Нимесулид», «Кардиомагнил», «Левофлоксацин», «Метронидазол», «Гепарин», «Парацетамол», «Офлоксацин» сынды дәрілер жеткізілді.
«Препараттар ірі дәріханалар желісіне ертеңнен бастап үлестіріледі. Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек жүк көліктерімен де жеткізіледі. Осы аптада дәріханаларға медикаменттер партиямен әкелінді. Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі», — деп хабарлады астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілері дистрибьюторлары және фармацевтикалық компания өкілдерімен келіссөздер жүргізгені хабарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе, логистика, дәрі-дәрмекті сатып алу мен жеткізу процедураларын жеңілдетуге қолдау көрсетілуде.
«Коронавирус инфекциясына қатысты сауалдарға арналған covid19.astana.kz/ru парақшасы іске қосылды. Ол жерде дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектің бар-жоғын білуге болады», — деп жазылған ақпаратта.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Елорда тұрғыны супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды – видео
- Дәурен Айдарқұлов: «Біз Ақботамен ажырасамыз. Ажырасу себебі құпия болмақ!»
- Қазақстандағы «белгісіз пневмония»: министр Тоқаевтың сауалына жауап берді
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз