Басты бет Қоғам ІІМ барлық өңірлерде дәрі-дәрмек бағасына рейд өткізуде

ІІМ барлық өңірлерде дәрі-дәрмек бағасына рейд өткізуде

5 шілдеде ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі жергілікті рейдтік іс-шараларды өткізді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексерулердің мақсаты – карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық аурулардан емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау.

Рейд барысында дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуды ұйымдастырған адамдар анықталды. Олар дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығын тудырып, кейін дәрілерді нақты құнынан бірнеше есе артық бағамен қайта сатқан.

Дәрі-дәрмектерді қайта сатудың көптеген фактілері еліміздің барлық өңірінде анықталды. Кәсіпкерлер дәрі-дәрмектерді “сөреден” сатып алып, фискалдық чектерді шығармай сатқан. Салдарынан адамдар дәрілерді қымбат бағаға алуға мәжбүр болған.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында полицейлер қорғаныс құралдарын заңсыз сатудың жолын кесті. Жергілікті тұрғыннан медициналық маскалар, комбинезондар, термометрлер, медициналық көзілдіріктер мен антисептикалық құралдар тәркіленді.

Сонымен қатар, әйел адам интернет-ресурстардағы хабарландыру арқылы “Парацетамол”, “Ингавирин”, “Цефтриаксон”, “Азитромицин” сияқты аса қажетті дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан. “Нұр-Сұлтан” қаласындағы ОСО-ның бірінің тұрағында ер адам ұсталды, оның автокөлігінен аталған дәрілік препараттары бар екі қорап табылды.

Шымкент қаласында “Левомак” медициналық препаратын 12 000 теңгеге сатқан жергілікті тұрғын полицияға жеткізілді. Ол дәрі бағасын өз бағасынан алты есе қымбатқа сатқан.

Дәріханада провизор болып жұмыс істейтін Шымкент қаласының тағы бір тұрғыны “Дексаметазон-Аджио” препаратының ампулаларын 5 000 теңгеден сатқан, ал оның негізгі бағасы – 600 теңге.

Түркістан облысында ер адам “Аскорбин қышқылын5 000 теңгеден сатқан, оның негізгі бағасы – 250 теңге.

Осыған ұқсас фактілер Алматы қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында анықталды.

Рейдтің бірінші күні полицияға барлығы 21 адам жеткізілді, олардан 3500-ден астам дәрілік заттар тәркіленді, оның ішінде:

“Ацетилсалицил қышқылы” – 2100 орам,

“Парацетамол” – 589 орам,

“Цефтриаксон” – 230 ампула, сондай-ақ 17 800 медициналық маска, бір рет қолданылатын 60 қолғап, 105 қорғаныс халаты (комбинезондар), 80 қорғаныс көзілдірігі, 79 термометр және 100-ден астам антисептикалық құралдар (300 литр).

Барлық анықталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Ішкі істер министрлігі дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға тап болған тұрғындарды, сондай-ақ мұндай фактілер анықталған жағдайда жақын жердегі аумақтық полиция бөлімшелеріне немесе “102” және “112” телефондары арқылы хабарлауға шақырады.

Рейд жалғасып жатыр.

Фото: видеодан алынған кадр

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі

Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев дактилоскопиялық тіркеудің міндетті болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Айта кетейік, дактилоскопиялық тіркеу...

Алматыда Халықаралық тау фестивалі өтеді

29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматыда Халықаралық Almaty Mount Fest тау спорты фестивалі өтеді. Іс-шараны Дүниежүзілік туризм күніне орай, Алматы қаласының Туризм басқармасы...

Димаш Құдайбергеннің анасы немере баққысы келмейтін енелер жайлы айтты

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева қазіргі таңда келіннің күйеуінің ата-анасымен бірге тұруына ененің әсері көп екенін айтты. "Сарасөз" бағдарламасында Света Айтбаева...

Оқушы автокөлікпен 6 жасөспірімді қағып кетті: оның бесуі жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында жасөспірім 6 адамды көлікпен қағып кеткен. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі білді. Оқиға 21 қыркүйек сағат 17:40 шамасында болған. "10...

Мордовияда 37 адам газдан уланып, ауруханаға жатқызылды

Краснослободск медициналық колледжінде газбен уланғандар саны 37 адамға дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Мордовия басшысы Артем Здунов Telegram-арнасына сілтеме жасап. Бұған дейін ТЖМ-де 27 адам...

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...