Басты бет Саясат Үкімет ІІМ басшысы: "Бастықтар тарапынан жасалған қателіктерге көз жұмып қарамаймыз!

ІІМ басшысы: «Бастықтар тарапынан жасалған қателіктерге көз жұмып қарамаймыз!

«ІІМ қызметі қызметкерлерге жоғары талаптар қоятын «күрделі» мамандықтардың бірі, өйткені адамдардың тағдыры олар қабылдаған шешімдерге байланысты болады. Сондықтан олар белгілі бір дәрежеде қоғам мүддесін білдіреді», — делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Қызмет нысаны, мемлекеттік құрылымдарға деген қатынас полицейлерге жоғары талап қояды, азаматтар сын көзбен қарайды.

Бүгінде полиция қызметкерлерінің қатарында өздерінің қызметтік борышын адал атқарып жүргендер аз емес. Тәуелсіздік алғаннан бері 1500-ге жуық қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды, оның ішінде 131 полицей өз өмірін қызмет жолында құрбан етті.

Алайда, кейбір қызметкерлер тәртіп сақшысы бола тұра, заңдарды бұзады. Қарапайым сыпайылықтың болмауы, тәртіп пен азаматтардың құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да теріс қылықтар жасау ішкі істер органдарында қызмет ететін барлық адамдардың атына кір келтіреді.

Сондықтан полиция қызметкерлері тәртіп пен заңдылықтың бұзылуына жол берсе, Ішкі істер министрлігінде бұл төтенше оқиға ретінде қабылданады.

Олардың ішінде – Орал қаласында учаскелік полиция инспекторы көмекшісінің қатысуымен болған ЖКО салдарынан әйел адамның қаза болуы; Қызылорда қаласында патрульдік полиция инспекторының мас күйінде қызмет атқарып, қызметтік автокөлікті басқаруы; Нұр-сұлтан қаласында екі патрульдік полиция қызметкеріне қатысты сот үкімінің шығуы.

Ішкі істер министрлігі тәртіп бұзушыларға ғана емес, сондай-ақ олардың басшыларына да қатаң шаралар қабылдап келді және алдағы уақытта да солай болады.

Өліммен аяқталған жол – көлік оқиғасы үшін жергілікті полиция қызметі мен Орал қаласы Полиция басқармасының басшылығы тәртіптік жазаға тартылды, ал қызметкердің тікелей басшысы қызметінен босатылды.

Қарамағындағы қызметкердің қызметіне тиісті бақылау жасамағаны үшін Қызылорда қ. ІІБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары лауазымынан босатылды және тағы 3 басшыға, оның ішінде Қызылорда қ. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.

Тәртіп бұзушылардың өздері қызметке қайта алу құқығынсыз ішкі істер органдарынан бірден босатылды.

«ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаментіне кінәлі қызметкерлерді қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде нақты тапсырма беремін. Бөлімшелердегі заңдылық пен тәртіп -олардың басшылығының міндеті.  Біз кінәлілердің ешбіріне көз жұма қарамаймыз және аямаймыз!»- деп мәлімдеді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ қызметтері мен бөлімшелерінің басшыларымен өткен кеңесте.

Бұған дейін хабарланғандай, ІІМ-де сыбайлас жемқорлық орын алған кезде қызметкерлердің тікелей басшыларын жеке жауапкершілікке тарту принципі енгізілген.

Сонымен қатар, кадрлық өзгерістер мен аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша ағымдағы жылы орталық аппарат және өңірлік департамент қызметтерінің басшылық құрамы 60% — ға жаңартылды».

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...