Басты бет Қоғам ІІМ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады

ІІМ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады

ІІМ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жедел мәліметтер бойынша өткен аптада 210 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғаларының салдарынан 39 адам қаза тауып, 289 адам жарақат алғаны ІІМ-нің алаңдаушылығын тудырып отыр, деген үндеуді ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратты.

Апаттардың негізгі себебі жол қозғалысына қатысушылардың жол тәртібін сақтамауы болып табылады. Көбінесе жылдамдықтың артуы, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау және оларды елемеу қайғылы оқиғаларға әкеп соғуда.

Ауа-райының нашарлауына байланысты ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға қарапайым, бірақ өте маңызды ережелер туралы ескертеді, оларды сақтау күтпеген жерден орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Қыстың басталуына байланысты:

  • — қысқы немесе тікенекті шиналар орнату;
  • — автомобильді жылыту және әйнектерге жылу үрлеу жүйесін тексеру;
  • — суыту жүйесіндегі сұйықтықтың минус температурасы кезінде пайдалануға жарамдылығы мен жай-күйін тексеру;
  • — отын аппаратурасының сынуын болдырмау үшін дизель қозғалтқыштары бар көлік құралдары үшін қысқы дизель отынын пайдалану.

! Қысқы жолда автомобильдің тежегіш жолы айтарлықтай ұлғаятынын есте сақтау қажет, сондықтан кенеттен қауіп туындаған жағдайда жүргізушінің жылдамдықты уақтылы төмендетуге, көлік құралын толық тоқтатуға мүмкіндігі болуы тиіс.

! Қауіпті маневрлер жасауға және шұғыл тежеуге болмайды — көктайғақ жағдайында бұл автомобильді басқару мүмкіндігін жоғалтуға және жол-көлік оқиғаларын жасауға әкеп соғуы мүмкін.

! Жаяу жүргіншілер де өте мұқият болуы керек. Жолды тек белгіленген орындарда өту қажет. Сонымен қатар көлік жүргізушілерінің оларды байқағанына және жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілер өтпесіне дейін тоқтауға мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізу маңызды.

Автокөлік жоғары қауіп көзі, сондықтан жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі белгіленген ережелердің сақталуына байланысты.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...