Илья Ильин «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Фото: instagram.com/ilyailyinforever

Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильинге «Халық алғысы» медалі табысталды. Бұл туралы спортшы Instagram желісінде хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

«Мен спортшы ретінде жеткен жеңістерім үшін бүкіл халықтың құрметі мен ризашылығын сезінемін, сондықтан бұл медальді үлкен құрметпен қабылдадым», — деп жазды спортшы.

View this post on Instagram

Сегодня я был награждён почётной медалью «Халык Алғысы» — «Народная благодарность». Я реализовался как спортсмен и чувствую уважение и благодарность всего народа за мои победы, и поэтому я с большим уважением принимаю эту медаль ! Но моя жизнь продолжается, у меня есть большое желание быть успешным в новых направлениях и дальше делать добрые дела во благо страны и Мира на земле! Но как говорится, нужно начинать с малого и идти к намеченным целям! В данный момент у меня 5 проектов и я полностью погружён в процесс их качественной реализации, после которых будут уже новые цели !! Награждал нас сегодня, заместитель акима кызылординской области Серик Абжалиевич Ахметов. Хочу отметить Серика Абжалиевича и выразить ему своё уважение! П.с Медали вручали за активную волонтерскую деятельность во время карантина. Поздравляю всех, кто получил медаль «Халык Алгысы», с наградой!! Давайте будем делать ещё больше добра! Бүгін мен "Халық Алғысы" Құрмет медалімен марапатталдым. Мен спортшы ретінде жеңістерім үшін бүкіл халықтың құрметі мен ризашылығын сезінемін, сондықтан мен бұл медальді үлкен құрметпен қабылдаймын! Бірақ менің өмірім жалғасуда, жаңа бағыттарда табысты болуға, және елім мен әлемнің игілігі үшін істер жасағым келеді! Айтқандай, алға қойылған кіші мақсаттардан үлкен жетістіктерге жетуге талпыну керек! Қазіргі уақытта мен 5 жобамды сапалы түрде іске асыру бағытында жұмыс жасап жатырмын, содан кейін жаңа мақсаттар қойылады! Бүгін бізді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Әбжәлиұлы Ахметов марапаттады. Серік Әбжәлиұлын атап өтіп, оған өз құрметімді білдіргім келеді! П.с Медаль, карантин кезіндегі белсенді волонтерлік қызмет жасаған үшін берілді. "Халық алғысы" медалін алған барлық азаматтарды құттықтаймын!! Игі істерді көбірек жасайық!!

A post shared by Илья Ильин (@ilyailyinforever) on

Илья Ильинге медальді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахметов табыстады.

«Серік Әбжәлиұлына құрметімді білдіргім келеді. Медаль карантин кезіндегі белсенді волонтерлік қызмет үшін берілді. «Халық алғысы» медалін алған барлық азаматты құттықтаймын. Игі істерді көбірек жасайық!», — деді Ильин.

Ол, сондай-ақ, жаңа бағыттарда табысты болып, ел мен әлем үшін игі істер жасағысы келетінін айтты. Қазір спортшы бес жобамен жұмыс істеп жатыр. Жобаны сапалы түрде іске асыру бағытында жұмыс істеп жатырмын, содан кейін жаңа мақсаттар қойылады, деді спортшы.

Оқи отырыңыз: