Індет жұқтырған сәби жансақтау бөлімінде үш ай жатты – дәрігерлер себебін айтты

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Павлодарда үш айдан астам уақыт бойы коронавирустан емделген бала жансақтау бөлімінен шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл 8 тамызда бір жасар бала ауруханаға түскен. Бас кезінде ол стационарда емделді.

Бірақ бес күннен кейін оны «COVID-19 коронавирустық инфекциясы» диагнозымен шұғыл жансақтау бөліміне ауыстырған. Сәби ауыр жағдайға түсті.

«Бала жансақтау бөлімінде 94 күн жатты. Нұр-Сұлтандағы ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандары да пациентті бақылап отырды. Павлодарлық дәрігерлер республикалық деңгейде басқа да мамандармен бір емес, бірнеше рет кеңесті, консилиум өткізді», — дейді басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Дәрігерлердің айтуынша, балада аралас коронавирустық пневмония анықталды. Өкпесі 36 процентке зақымданған. Оған қоса, коронавирус кезінде сирек кездесетін асқыну болды. Ол – пневмомедиастинум. Ондайда өкпеде ауа жиналып, адамның кеуде тұсы аурады. Бала жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды.

Қазіргі кезде оның жағдайы тұрақты, өздігімен дем алып жатыр. Анасы да жанында.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз